Сәуір айының 14 күні Шымкент қаласында Азия жамбы ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті. Бұл конференция 14-18 аралығында Шымкент қаласында өтетін жамбы атудан ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты қарсаңында болды. Конференцияда сары құрлықтың 10-нан аса федерациясы Азиялық федерацияның мүшелігіне енді.
Мүшелікке ену отырысы Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Тайланд, Моңғолия, Сауд Арабиясы және Қазақстан жамбы ату федерация өкілдерінің қатысуымен өтті. Алғы сөз конференция модераторы, Қазақстан Республикасы жамбы ату федерациясының вице-президенті Бақдәулет Маратұлының Азия жамбы ату федерациясының алдағы 5 жылдық жұмыс жоспарының таныстырылым сөзімен басталды.
Бақдәулет Маратұлы, ҚР жамбы ату федерациясының вице-президенті:

Тарих беттерінде айрықша із қалдыратын, ерекше оқиғаға бірге куә болып отырғанымызға қуаныштымын. Бүгін бас қосуымыздың басты себебі 2024 жылы құрылған Азия жамбы ату федерациясының басшылық құрамын дауыс беру арқылы анықтау. Және алдағы 5 жылдық жоспарымызды ұсынып, ақылдасу.
Бақдәулет Маратұлының ұсынысымен Азия жамбы ату федерациясының президенті лауазымына ҚР жамбы ату федерациясының президенті Еркебұлан Сайдуллаұлы ұсынылды. Бұл ұсынысты барлық федерация өкілдері бірауыздан мақұлдады.
Бас серіктес: «Самұрық-Қазына»
Демеушілер: «Sport qory»спортты қолдау қоры.
«Alageum electric»компаниясы.
Бас серіктес: «Самұрық-Қазына»
Демеушілер: «Sport qory»спортты қолдау қоры.
«Alageum electric»компаниясы.