Желтоқсан айының 15-18 күні аралығында Сауд Арабия патшалығының Аль-Ула қаласында жамбы атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі өтті. Жарысқа жамбы атудан ұлттық құрамамыз қатысып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Жаһандық бәсекеге әлемнің 11 елінен, оның ішінде: АҚШ, Канада, Тайланд, Кувейт, Монғолия, Иран, Индонезия, Сирия, Түркия, Сауд Арабиясы қатысты.
Әлем бойынша садақ мергендерінің басын қосатын айтулы бәсеке 2 жылда бір рет өтеді. Бір жыл бойы жер шарының түкпір-түкпірінде іріктеу сыны өтіп, ең үздік 11 командаға жолдама берілді. Біздің құрама былтыр Түркияда бұл турнирге жолдама жеңіп алған еді.
Әлем кубогінің финалдық кезеңі халықаралық ат үстінде садақ ату федерациясының (WHAF) біріңғай ережесімен өтті. Ұлттық құрама күні бұрын жарыс өтетін жерге келіп жайғасып, әуелі соқыр жеребе арқылы топтарға бөлініп, аттар таңдалды. Және жеребе арқылы түскен аттарға мініп, сайыс алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтады. Турнирдің бірінші күні kassai (мажар) стилі бойынша сынға түсті. Бұл стилде жалғыз нысана жарыс жолының ортасында тұрады. Төрешінің қозғауымен нысана спортшының тарапына қарай ауысады. Бұл кезеңде қанша оқ атса да мергеннің өз еркі. 20 секунд ішінде 100 метр қашықтықты шауып өтсе болғаны. Мұнда 9 айналымдағы ұпай сандары есепке алынады.

Екінші күні serial shot (корей) стилі бойынша жарыс болды. Бұл стилде үш нысана қойылады. 100 метр қашықтықты шауып өту үшін 12 секунд уақыт беріледі. Тағы бір ерекшелігі спортшы тек 3 оқ атуға мүмкіндігі бар.
Үшінші күні Qabaq (түрік) стилінен мергендер сынға түсті. Жарыс жолына шыға берісте жерге қойылған бір нысананы көздеп, қақ ортадағы 8 метр биіктікте орналасқан қабақты атып кеткен спортшы көп ұпай жинайды. Бұл сынға берілетін уақыт небәрі 10 секунд.

Қазақстан құрамасы байрақты бәсекеде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Мажар стилінде, жекелеген сында Айтбек Сарыбай үшінші орынға ие болды. Командалық есепте де үздік үштікті түйіндеді. Түрік стилі бойынша құрама үшінші орынға тұрақтаса, жекелей сында Ералхан Айкөз екінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ, үш стилдің қорытындысы бойынша да Ералхан қола жүлдеге ие болды. Бұл жарыстың ерекшелігі сол, негізгі жүлде жалпыкомандалық есеп бойынша беріледі.
1-орын: Сауд Арабиясы – 1490 ұпай
2-орын: Қазақстан – 1045 ұпай
3-орын: Түркия – 1010 ұпай.
Ұлттық құрама: Ералхан Айкөз, Абзал Тұлыбеков, Айтбек Сарыбай. Бас бапкер: Елдос Бадашев