«Біздің Федерацияның басты міндеті – ат үстінен садақ атуды жүйелі жолға қойып, әлемдік деңгейге шығару. Осы додаға алдымен мына аттың ары-бері ауып кетпеуі үшін арнайы жол жасадық. Екіншіден, біздің жарысымыз әділ және таза өтуі үшін таймер қойып, қай кезде бастап, қай кезде аяқтағанын неше минут, неше секундта жүріп өткенін қараймыз. Бейнебақылау алып қойдық. Біздің спортшылар садағын атқан кезде неше ұпайға дәл тигізгенін қарап белгілеп отыруға қажет», - деді Еркебұлан Ілиясов.