Батыр Бексауыт жамбы ату спортының соңғы жарыс күнінде жамбы стилінен күміс жүлде алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.
Осыған дейін Батыр Бексауыт алтын жүлде алған болатын. Ал Айтбек Сарыбай – күміс, Ералхан Айкөз қола жүлдеге ие болды. Түрік стилінен Ералхан Айкөз алтын жүлде алса, Айтбек Сарыбай қола жүлдені еншіледі.
Жамбы атудан бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтті. Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы бақ сынады.