Жаңалықтар

Алматы облысында «Жамбы атудан» республикалық турнир аяқталды

Алматы облысы Талғар ауданы Байсерке Агро ипподромында, «Жамбы атудан» жастар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Сайыс 4 стильде: корей, түрік, қазақ және аңшылық трек стильдерінде болды. Сонымен қатар, қыздар арасынан Томирис номинациясы ұйымдастырылды.
Жеңімпаздарды атап өтсек:
«Корей стилі» бойынша: жастар арасынан:
I орынды Бексауыт Батыр (Түркістан облысы),
II орынды Пернебай Ақәділ (Қызылорда облысы),
III орынды Ерболат Нарұл (Алматы облысы);
қыздар арасынан :
I орынды Алыбаева Гүлдана (Жетісу облысы),
II орынды Зарилханқызы Зарина (Түркістан облысы),
III орынды Бердіке Мөлдір (Алматы облысы);
жасөспірімдер арасынан :
I орынды Оралхан Нұрасыл (Қарағанды облысы),
II орынды Сарсенбай Ерғазы (Алматы қаласы),
III орынды Абуталіп Шадияр (Қызылорда облысы) иеленді.
«Түрік стилі» бойынша: жастар арасынан:
I орынды Әли Мұқағали (Қызылорда облысы),
II орынды Бексауыт Батыр (Түркістан облысы),
III орынды Үсен Ақберен (Түркістан облысы);
қыздар арасынан:
I орынды Бердіке Мөлдір (Алматы облысы),
II орынды Жанбырболат Аружан (Алматы облысы),
III орынды Алыбаева Гүлдана (Жетісу облысы),
жасөспірімдер арасынан:
I орынды Шәріпбай Мадияр (Алматы облысы),
II орынды Сарсенбай Ерғазы (Алматы қаласы),
III орынды Оралхан Нұрасыл (Қарағанды облысы) алды.
Ал «қазақ стилі» бойынша: жастар арасынан:
I орынды Үсен Ақберен (Түркістан облысы),
II орынды Бексауыт Батыр (Түркістан облысы),
III орынды Пернебай Ақәділ (Қызылорда облысы);
қыздар арасынан:
I орынды Зарилханқызы Зарина (Түркістан облысы),
II орынды Тастемір Сандуғаш (Түркістан облысы),
III орынды Абажанова Айым (Алматы қаласы) жеңіп алды.
Сонымен қатар, осы жылы «аңшылық трек стилі» қосылды. Бұл трек стилі бойынша жеңімпаздарды атап өтсек; I орын Бексауыт Батыр, II орын Оралхан Нұрасыл, III орын Үсен Ақберен. «Томирис» номинациясын Зарилханханқызы Зарина, ал тайтұяқта Лесбек Ғұмыр атып түсірді.
«Бүгінгі турнирге еліміздің 15 өңірінен 60 жуық ат үстіндегі мергендер қатысып отыр. Бұл жолғы жамбы атудың бірнеше ерекшелігі бар.
Біріншіден - алғаш рет аңшылық трек ұйымдастырылып отыр.
Екіншіден - қыздар арасында арнайы Томирис жүлдесі қойылды. Бұрын олар ұлдармен бірге сайысатын.
Үшіншіден - жасөспірімдер мен жастар бөлек категорияда бақ сынайды. Сонымен қатар, турнир аясында тайтұяқ өтеді. Әр сайыс сайын оның жүлдесін 100 000 мыңға көтеріп отырамыз деп уәде еткен болатынбыз. Бүгінгі тайтұяқтың жүлдесі 500 000 теңге. Айта кету керек, біздің мақсатымыз – жамбы ату спортын элитарлық деңгейге көтеру. Бұл гольф, теннис сияқты мақтанатын спорт түріне айналуы тиіс. Жалпы ұлттық спорттың дамуына кейінгі уақытта жақсы көңіл бөлініп келеді.
Осы қарқын жалғасса дейміз. Өйткені ұлттық спорт – еліміздің мақтанышы, абыройы», - деді жамбы ату федерациясының президенті Еркебұлан Ілиясов.