«Бүгінгі турнирге еліміздің 15 өңірінен 60 жуық ат үстіндегі мергендер қатысып отыр. Бұл жолғы жамбы атудың бірнеше ерекшелігі бар.
Біріншіден - алғаш рет аңшылық трек ұйымдастырылып отыр.
Екіншіден - қыздар арасында арнайы Томирис жүлдесі қойылды. Бұрын олар ұлдармен бірге сайысатын.
Үшіншіден - жасөспірімдер мен жастар бөлек категорияда бақ сынайды. Сонымен қатар, турнир аясында тайтұяқ өтеді. Әр сайыс сайын оның жүлдесін 100 000 мыңға көтеріп отырамыз деп уәде еткен болатынбыз. Бүгінгі тайтұяқтың жүлдесі 500 000 теңге. Айта кету керек, біздің мақсатымыз – жамбы ату спортын элитарлық деңгейге көтеру. Бұл гольф, теннис сияқты мақтанатын спорт түріне айналуы тиіс. Жалпы ұлттық спорттың дамуына кейінгі уақытта жақсы көңіл бөлініп келеді.
Осы қарқын жалғасса дейміз. Өйткені ұлттық спорт – еліміздің мақтанышы, абыройы», - деді жамбы ату федерациясының президенті Еркебұлан Ілиясов.