Жаңалықтар

ЖАМБЫ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ІХ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Талдықорған қаласында өткен ел чемпионатында еліміздің 12 аймағынан 40-қа жуық спортшы қатысқан.

Жасөспірімдер алғашқы күні «Азия» стилі бойынша сынға түсті. Бұл стилде Маңғыстау облысынан Ораз Айбек алдына жан салмай алғашқы орынды иеленді. Екінші орын Қызылордалық Маханбет Нұрманға бұйырса, үшінші орынды Қарағандылық Оралхан Нұрасыл иеленді.

Екінші күні спортшылар «Түркі» стилі бойынша тартысты. Бұл стилде алтын Сәрсенбай Ерғазыға бұйырса, күміс Бабажан Берікболсынға, қола жүлде Оралхан Нұрасылда қалды.

«Мажар» стилі бойынша алтын жүлдені Түркістандық Лесбек Ғұмыр алды. Екінші орынға Қызылордалық Асхан Заңғар, үшінші орынға Әділгерей Айдар тұрақтады.

«Жамбы» стилінде де топ жарған Түркістандық Лесбек Ғұмыр болды. Екінші орын Советхан Рауанға, үшінші орын Ақмола облысының намысын қорғаған Байзұлла Ерасланға бұйырды.

Бағы мен бабы бірге шапқан спортшыларымызды құттықтаймыз!

Бас серіктес: «Самұрық-Қазына»

Демеушілер: «Sport qory»спортты қолдау қоры.

«Alageum electric»компаниясы.